Ақпарат » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "√2 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"№2 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 32-96-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 41-06-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
сентябрь
2021

Ақпарат

Бүгін 1 қыркүйек 2021 жылы Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады.
Президентіміздің халыққа арнаған кезекті Жолдауы еліміздегі мәселелерге жан-жақты шолу жасап, алдағы мақсаттарымызды айқын көрсетумен бастады.1 қыркүйек «Білім күні» мерекесімен қатар еліміздің тарихында, жаңа бір саяси ахуал орын алып отырғаны баршамызға аян. Еліміз жыл сайын үлкен үмітпен күтетін ел президентінің жолдауы 2021-2022 жаңа оқу жылының басталуымен қатар келуі, әрбір азаматының ерекше назарын аударды.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы бүкіл әлемді алаңдатып отырған пандемиямен күрес жолдарын, оның елімізге алып келген зардабы мен өзгерістерін айта келіп, еліміздің әлеуметтік дамуына, ел тұрғындарының табысы мен жұмыс орындарының сақталуын, халқымыздың денсаулығы мен өмірін сақтау жолындағы жұмыстарға басты назар аудару керектігін атап өтті.
Бүгінгі ел Президентінің жолдауы еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді.Барлық бағыттардың дамуы, ел тағдыры үшін маңызды. Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа жолдау, ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетіп бергендей.
Қ.Тоқаев мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және экономиканы дамыту жайына кеңінен тоқтала кетті.
Мемлекет басшысының балалардың мүддесін қорғау жəне денсаулығын сақтау мәселесіне ерекше тоқталып, зорлық зомбылықтан қорғау өзекті мәселесі ұлтымыздың сапасын арттырудағы басты бағыттың бірі екенін айқындап көрсетті.
Президентіміз жылдағы жолдауында атап айтатын тағы бір мәселе ұстаздардың еңбекақысы жайлы болды. Алдағы уақытта ел ұстаздарының еңбекақысын 25 пайызға өсіруді тапсырды.
Сонымен қатар, Жолдауда білімді, ғылымды жетілдіру мәселесінеде жете тоқталып кетті.
Жолдау болашағымыздың іргесін нықтауға міндеттейді. Ендеше қуатты Қазақстанды бірге құрып, елдің әл-ауқатын жақсарту жолында жемісті жұмыс істеп, ерінбей еңбек етейік.

«Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ «№ 2 орта мектеп» КММ мектеп ұжымы