Ата -аналар жиналысы өтті » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "√2 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"№2 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 32-96-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 41-06-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
март
2022

Ата -аналар жиналысы өтті

Ағымдағы жылдың 22 наурызында "Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№2 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Мектеп, ата-ана, бала: ынтымақтастығын арттыру" тақырыбында жалпы ата-аналарды ақпараттандыру мақсатында бірыңғай жалпы ата -аналар жиналысы өтті. Қатысқан ата-аналар саны: 120 ата-ана /5-11 сынып/
К ү н т ә р т і б і н д е:
1."Мектеп. Ата-ана. Оқушы." үштік одақтың бірлескен жұмысы. /Мектеп директоры Л.Ж.Байсова/
2. Құқықтық тәрбие/Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.А.Алтынбекова/
3. .Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу шаралары. /Полиция қызмет бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Д.М. Мырзакулов, М.А. Закирбаев /
4. Ата-аналарға дене және психологиялық сауатты жас ұрпақты тәрбиелеуге жауапты көзқарасын қалыптастыру. /Педагог-психологтары К.А.Тюленева, Ә.Қ.Қасқарбаева/
Жиналыс барысында күн тәртібіне қойылған мәселелер толық қамтылды.
Ата-аналар түрлі бағыттағы сұрақтарын қойып, пікірлерін, ұсыныстарын ортаға салды.
Сонымен қатар, сынып жетекшілер, пән мұғалімдерімен жеке кездесіп, кейбір мәселелер төңірегінде ой бөліскен болатын.
Жиналыс соңында мектеп директоры Байсова Ляйла Жанатқызы қоғамның жігерлі де білімді азаматын тәрбиелеп, мектеппен үнемі байланыста болып, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып жүрген ата-аналарға алғыс білдірді.