Ата-аналар жиналысы » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "√2 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"№2 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 32-96-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 41-06-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
январь
2023

Ата-аналар жиналысы

«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№2 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 9 «В» сынып ата-аналарының қатысуымен кезекті ата-аналар жиналысы өткізілді.
Алдымен, мектеп психологы - Қасқарбаева А.Қ. ата-аналармен бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, отбасы мүшелінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру мақсатынды тренинг өткізді.
Сынып жетекші – Г.Р.Иманалинова сыныптағы балалардың жолда жүру және өмір қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы түсіндіріліп, мектептен тыс кезінде балаларының өмір қауіпсіздігіне, тәртібіне және қазіргі таңдағы мәселелердің бірі жасөспірімдердің буллинг сынды оқиғалардың алдын алу мақсатында мектеп жасындағы балалардың осы қадамға баруы жиілеп отырғанын, сондықтан ата-ана баласымен тығыз қарым-қатынаста болу қажет екенін айта отырып кіммен, немен айналысып жүргенін қадағалау керектігін түсіндіріп, әрбір ата-ана баланың өміріне жауапкершілікпен қарап беймезгіл жүрмеуін таныс емес көлікке отырмауларын және бейтаныс адамдармен сөйлеспеу керектігін түсіндіріп, ата-ана баласының өміріне жауапты екендігін ескертті.