«Мамандығым-болашағым» » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "√2 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"№2 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 32-96-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 41-06-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
февраль
2023

«Мамандығым-болашағым»

«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «№2 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 9 «Ә» сынып оқушылары Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі ұйымдастырған «Мамандығым-болашағым» тақырыбындағы «Ашық есік» күніне барып қайтты. Ашылу салтанатынан кейін оқушылар мамандықтар бойынша көрсетілген шебер-сынып бойынша өздері өз қолдарымен жасап көріп, машықтанды. Аз ғана сағаттардың ішінде мамандықтың бірнеше түрінен хабардар болып, толық ақпарат алды. «Интерьер дизайны», «Жиһаз өндірісі» мамандығы бойынша бұйымдар жасап, «Электр жабдықтары», «Дәнекерлеу ісі», «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық объектілерінің инженерлік жүйелерін монтаждау және пайдалану» мамандықтары бойынша монтаждау, дәнекерлеу жұмыстарын жасап көрді. Іс-шара соңында колледж жайлы өз ойларын айтып, белсенділік танытқан оқушыларды арнайы мақтау қағаздарымен марапаттады. Мектеп директорлары және педагогикалық ұжымдарға еліміздегі сұранысқа ие білікті мамандар даярлауда қолдау көрсетіп, колледжбен тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасағандары үшін колледж директоры А.Джумадилов арнайы алғысын білдіріп, Алғыс хатпен марапаттады.