Мектеп тарихы » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "√2 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"№2 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 32-96-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 41-06-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
ноябрь
2017

Мектеп тарихы

Мектеп тарихы

 

 



                                               Мектеп тарихы 
1954 жылы қыркүйек айында Талдықорған қаласында 10 жылдық мектеп ашылды.  Мектепке  В.И. Ленин есімі берілді. Ушинский  атындағы мектептің біраз оқушылары мен ұстаздары жаңа мектепке ауыстырылды. Бұл мектепте педагогикалық өтілі 10 жылдан жоғары – 8 адам, 5 жылдан жоғары – 8 адам, 1-5 жыл – 11 адам, жас маман- 3 адамнан, яғни 32 адамнан құралған ұстаз ұжымынан тұрды.  Ең алғашқы осы мектептің директоры болып 1954 жылы Иванцов Александр Васильевич тағайындалды. Директордың орынбасары болып орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Колесников Алексей Афанасович болды. 1-10 сынып бойынша 22 сынып контингенттен 770 оқушыдан тұрды.  Мектептің ұстаздық ұжымына – математика пәнінің мұғалімі В.В. Сокулин, физика пәнінің мұғалімі А.И. Митрафанов, тарих пәнінің мұғалімі И.Д. Мельников, география мұғалімі 

А.А. Чаунина, биология мұғалімі А.Г.Гарнова, математика мұғалімі Н.Н. Фелькистова тағы басқа ұстаздар осы мектепке педагогикалық үлестерін қосты. Үздік бітірген түлектер- Бедарев В.(1954-1955 оқу жылы), Гусенко В, Соловьев Г, Третьяк С, Данеко А, Шарипов М. (1955-1956 оқу жылы), Мармилова А, Фитер И, Похитонова Н. (1956-1957 оқу жылы), Булгаков В.(1957-1958 оқу жылы) алтын медаль иегерлері.

1958 жылы мектептің директоры  А. В. Иванцовтың  орнына Борис Николаевич Ковалев болды. 

 

1958-1959 жылы мектеп спорт залы, 1960 жылы мектеп шеберханасы салынды. Дмитрий Николаевич Колонтаев ең алғаш  мектепте кітапханашы болып қызмет  атқарды. 1961 жылдан бастап спорт саласы бойынша мектеп оқушылары жақсы нәтижелер көрсете бастады. 

1964 жылы В.И.Ленин атындағы мектептің директоры болып Рачкован Федор Петрович тағайындалды. В.М. Смолованың жетекшілігімен мектеп оқушылары «Ленинец» атты мектеп газетін   баспадан шығара  бастады.  

1967 жылы мектепте драмтеатр үйірмесі ашылды. Оқу жылында 2-3 пьеса қойылып отырды. 1968 жылы мектеп драмтеатрына «ВЛКСМ 60-жылдық» атағы берілді.   1979 жылы В.И. Ленин атындағы №2 мектептін директоры болып  Шингарева Мария Алексеевна тағайындалды. 

 

1985 жылы ең алғаш мектепте мектепалды даярлық тобы ашылды. Мектепалды   даярлық  тобының жетекшісі мен тәрбиешісі     Н.И. Торичная  болды. 1979 жылы Талдықорған  ҚББ  құрмет грамотасы, 1981 жылы  ОБД құрмет грамотасы,   31 наурыз 1981 жылы ВЛКСМ орталық комитетінің құрмет  грамотасымен марапатталынды. 1991 жылы №2 орта мектебінің басшысы болып Даримбетова Зәуре Ойшықызы тағайындалды. 1992-1993 оқу жылы №2 орта мектепте үш қазақ сыныбы ашылды. 1993 жылы «Айгөлек» би ансамблі ашылды. Жетекшісі- Смагулова Г.Д. Қазіргі кезде де аталған ансамбльдің жетекшісі.  2009 жылы мектеп директоры болып Есботанова Ләззат Өзбекқызы тағайындалды. 2014 жылы қаңтардың 17 күнінен мектеп директоры болып Байсова Ляйля Жанатқызы тағайындалды.  



 




 

 



 


 



Похожие публикации:

15 декабрь 2016 Мектеп туралы