«Судағы қауіпсіздік» акциясы » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "√2 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"№2 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 32-96-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 41-06-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Судағы қауіпсіздік» акциясы
29
май
2023

«Судағы қауіпсіздік» акциясы

"Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№2 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 6 «А» сыныбында «Судағы қауіпсіздік» акциясына байланысты «Жазғы демалыс кезіндегі судағы қауіпсіздік» тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: Жазғы демалыста өзен мен көлдің жағасында  қауіпсіздікті сақтау ережелерін білу; жаз мезгілінде табиғат апаты болғанда адам өміріне қауіпті жағдайда өз өмірін сақтап қалуға және қасындағы адамдарға көмек көрсете білуге, жанашырлық пен табандылыққа тәрбиелеу; жаз мезгілінде табиғат апаты жағдайында болатын қауіпсіздік шаралары туралы ой- өрісін кеңейтіп, білімін дамытып тереңдету. Балалар сабақта судағы негізгі қауіпсіздік ережелерімен танысты, кеңес берілді, алғашқы көмек көрсету жолдары түсіндірілді. Балалар судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы - суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керектігін түсінді.
6 «А» сынып жетекшісі Сарсенова К.А.